Close Menu
SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Технология
  • Туризм
Маңызды жаңалықтар

ФРАНЦИЯҒА ШЕНГЕН ВИЗАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «CRYSTAL STUDY» БІЛІМ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІН АЛА АЛАДЫ

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Басқа…
    • Туризм
    • Технология
Жазылу
SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ФРАНЦИЯҒА ШЕНГЕН ВИЗАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

RedaktorRedaktor23.11.20260

Шымкентте Францияға шенген визасын рәсімдеуге арналған құжаттарды қабылдау орны ресми түрде ашылды. Енді қала тұрғындары мен жақын өңірлердің азаматтары визалық өтініштерін Алматы немесе Астанаға бармай-ақ, Шымкентте тапсыра алады.

Орталықтың ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы бас консулы Максим Жеранже және Францияның Шымкенттегі құрметті консулы Игорь Копайлов мырза қатысты. Қала әкімі Франция Елшілігіне және жеке Елшіге осы бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіріп, жаңа пункттің ашылуы Шымкент пен Оңтүстіктің тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті.
Жаңа орын Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы келісімдер аясында ашылып отыр. Құжаттарды қабылдау халықаралық виза операторы VFS Global компаниясының көмегімен, биометриялық деректерді жинауға арналған мобильді жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
– Виза орталығының ашылуын естіп, қатты қуандым. Енді Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Францияға бару бұрынғыдан да жақындай түсті. Ол елге саяхаттаушылар, білім алуға, жер көруге барғысы келетіндер өте көп. Виза рәсімде үшін енді ешқайда сабылудың қажеті жоқ. Осындай мүмкіндік жасаған азаматтарға алғысымды айтамын, – дейді қала тұрғыны Гауһар Төребекова.
Жаңа қызмет Шымкент қаласы мен оған жақын аумақтардың тұрғындарына қажет рәсімдерді орындауға мүмкіндік беріп, виза алуға құжат тапсыру процесін едәуір жеңілдетеді. Құжаттар сұраныс төмен маусымда айына бір рет, ал сұраныс жоғары кезеңде, наурыздан шілдеге дейін, айына екі рет қабылданады.
Құжат қабылдау пункті Alban Business Center бизнес орталығының 6-қабатында орналасқан. Құжат тапсыруға алдын ала жазылу VFS Global компаниясының ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Визаға өтініш беру процесі бұрынғыдай тәртіпте.
Жаңа пункттің ашылуы қала әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту нәтижесінде жүзеге асып, еліміздің Оңтүстік өңірінің тұрғындары үшін консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталып отыр.

БӨЛІСУ: Facebook Twitter WhatsApp Telegram VKontakte Threads
АлдыңғыШЫМКЕНТТЕ «CRYSTAL STUDY» БІЛІМ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «CRYSTAL STUDY» БІЛІМ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

20.11.2026

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІН АЛА АЛАДЫ

20.11.2026

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА БАСПАНА БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

18.11.2026
Үздік жаңалықтар

Тоқаев ЖИ-ды дамыту бойынша “Вашингтон моделін“ БҰҰ деңгейіне шығаруды ұсынды

03.10.202617

Қазақстанда білім беру саласында 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді

03.10.202613

Қазақстандықтар eGov арқылы Медициналық сақтандыру қорына 6,3 мың өтініш жолдады

05.11.20266

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ инспекторларынан жоғары баға алды

03.10.20266
Demo

Saltmedia.kz ақпараттық-танымдық сайты саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік жаңалықтарды таратады.

Редакциямен байланыс

Телефон: +7 707 701 7079
E-mail: saltazhamal@gmail.com

Біз әлеуметтік желілерде
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026. SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Іздеу үшін жоғарыдағы формаға сөзді жазып, Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.

imunify-bot-check