Close Menu
SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Технология
  • Туризм
Маңызды жаңалықтар

ФРАНЦИЯҒА ШЕНГЕН ВИЗАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «CRYSTAL STUDY» БІЛІМ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІН АЛА АЛАДЫ

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Басқа…
    • Туризм
    • Технология
Жазылу
SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс: билет бағасы мен ұшу уақыты

admin_saltmediaadmin_saltmedia02.10.20261
Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс: билет бағасы мен ұшу уақыты

Air Astana Алматы мен Токио арасында тікелей рейстерді іске қосады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengri Travel.

Алғашқы рейс Алматыдан 2026 жылғы 30 қарашада, ал Токиодан кері қайтатын алғашқы рейс 2026 жылғы 1 желтоқсанға жоспарланған.

Компания мәліметінше, жаңа әуе қатынасы Airbus A321LR ұшақтарымен жүзеге асырылады.

Рейстер Токионың Нарита халықаралық әуежайына аптасына екі рет бизнес және эконом-класс салондарымен жабдықталған ұшақтармен орындалады.

Рейстер кестесі (жергілікті уақыт бойынша, үкімет мақұлдаған жағдайда):

  • KC171 Алматы–Токио рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан сағат 21:55-те ұшып, келесі күні сағат 09:25-те Токиоға қонады.
  • KC172 Токио–Алматы рейсі сейсенбі және жұма күндері Токиодан сағат 10:55-те ұшып, Алматыға сағат 16:20-да жетеді.

Ұшу ұзақтығы Алматыдан Токиоға дейін 7 сағат 30 минутты, ал кері бағытта 9 сағат 25 минут болады.

Air Astana мен Japan Airlines арасындағы қолданыстағы серіктестік аясында Токио (Нарита) мен Алматы арасындағы рейстер код-шеринг режимінде орындалады.

Эконом-кластағы екі жаққа арналған билеттің минималды құны (барлық алымды қосқанда) 350 552 теңгеден, бизнес-класта – 1 398 918 теңгеден басталады.

Жапония азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз келе алады. Қазақстан азаматтарына Жапонияға бару үшін виза қажет.

Қазақстаннан Токиоға қатынайтын рейс

Жапония қазақстандықтар үшін ең көп күтілген бағыттардың бірі болып қала берді. Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті Жапония астанасы Токиомен тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі пысықталып жатқанын хабарлаған болатын.

«Қазіргі уақытта биыл Токиомен тікелей әуе қатынасын орнату бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл бағыт бірнеше жылдан бері талқыланып келеді, ал мерзімі бірнеше рет өзгерді. Сәуірде Көлік министрлігі бұл іркілісті Boeing Dreamliner ұшақтарының жеткізілуімен түсіндірген болатын. Мамырда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев рейстің 2026 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылуы мүмкін екенін айтты.

Мамырда премьер-министр Олжас Бектенов Токио мен Нью-Йоркке рейстердің ашылатыны туралы уәде беріліп келе жатқанына біраз болғанын еске салды.

«Құр сөз болып қалмасын тағы да», – деп қадап айтқан ол, жұмысты нақты нәтижеге дейін жеткізуді тапсырды.

Басты ақпарат Қазақстан Рейс Токио
БӨЛІСУ: Facebook Twitter WhatsApp Telegram VKontakte Threads
АлдыңғыҚазақстанда доллар айтарлықтай қымбаттады
Келесі Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидалары өзгерді

Ұқсас жаңалықтар

ФРАНЦИЯҒА ШЕНГЕН ВИЗАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

23.11.2026

ШЫМКЕНТТЕ «CRYSTAL STUDY» БІЛІМ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

20.11.2026

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІН АЛА АЛАДЫ

20.11.2026
Үздік жаңалықтар

Тоқаев ЖИ-ды дамыту бойынша “Вашингтон моделін“ БҰҰ деңгейіне шығаруды ұсынды

03.10.202617

Қазақстанда білім беру саласында 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді

03.10.202613

Қазақстандықтар eGov арқылы Медициналық сақтандыру қорына 6,3 мың өтініш жолдады

05.11.20266

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ инспекторларынан жоғары баға алды

03.10.20266
Demo

Saltmedia.kz ақпараттық-танымдық сайты саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік жаңалықтарды таратады.

Редакциямен байланыс

Телефон: +7 707 701 7079
E-mail: saltazhamal@gmail.com

Біз әлеуметтік желілерде
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026. SALTMEDIA ақпараттық-танымдық сайты
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Іздеу үшін жоғарыдағы формаға сөзді жазып, Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.

imunify-bot-check